Herbalife пен Федералдық сауда комиссиясы реттеу туралы келісім жасасты

Келісім тікелей сатылым компаниясы ретіндегі Herbalife-тың бизнес үлгілерін өзгертпейді

Herbalife-тың Директорлар кеңесі Карл Айканға (Карл Icahn) айналыстағы қарапайым акциялардың 34,99% -на дейін сатып алуға рұқсатын береді

Лос-Анжелес – 2016 ж. 15 шілде – Herbalife Ltd пайдалы тағам индустриясындағы ғаламдық компания (NYSE: HLF) («Herbalife» немесе «Компания») Федералдық сауда комиссиясымен («FTC» немесе «Комиссия») компанияға қатысты ұзақ жылдар бойы жүргізілген тергеп-тексеруді реттеу туралы келісім жасасатыны жайлы мәлімдеді. Келісімнің шарттары тікелей сатылым компаниясы ретіндегі Herbalife-тың бизнес үлгілерін өзгертпейді және іс жүзінде осы салада жаңа жұмыс стандарттарын белгілейді. Реттеу туралы келісім жайлы мәлімдеген соң FTC Herbalife-қа қатысты  тергеп-тексеруді аяқтайды.

Сонымен қатар, Herbalife компаниясы Иллинойс штатының бас прокурорымен реттеу туралы келісім жасасты. Осы жекелеген келісімнің шегінде компания 3 миллион АҚШ долларын төлейді. Иллинойс штатының тергеп-тексеруі аяқталғаннан кейін басқа штаттардың бас прокурорлары жүргізген қандай да бір басқа тергеп-тексерулер компанияға беймәлім.

«Реттеу туралы жасалған келісімдер біздің бизнес үлгіміздің қисындылығын көрсетеді және компанияның өз бизнесін табысты дамытуға қабілетті екеніне сенімімізді растайды, олай болмаған жағдайда, біз осы шарттарға келіспес едік», - дейді Майкл О. Джонсон (Michael O. Johnson), Herbalife басқармасының төрағасы және бас атқарушы директоры.

Компанияның ойынша комиссия жасаған мәлімдемелердің көбісі іс жүзінде дұрыс болмағанымен, компания реттеу туралы жасалған келісім толығымен компанияның мүддесінде деп санайды, әйтпесе компанияға айтарлықтай қаржылық шығыстар жұмсауға тура келер еді, созылған соттың талқылауына да біраз күш кетер еді. Жүргізілген тергеп-тексеру аясында FTC-пен екі жылдан астам уақыт ынтымақтастықтан кейін компания жай ғана жұмысты әрі қарай жалғастырғысы келеді. Онымен қоймай, компания менеджменті енді барлық күш-жігерін бизнесті дамытуды жалғастыруға және жаңа стратегиялық бизнес мүмкіндіктерді зерделеуге  жұмсай алады.

Компанияның Директорлар кеңесі («Кеңес») реттеу туралы келісімдерді бірауыздан мақұлдап, ерікті түрде келісім шарттарының толық сақталуын қамтамасыз ететін Қадағалау жөніндегі кеңестің («Комитет») комитетін құрды. Сонымен қатар, Кеңес қазіргі уақытта бас заңды кеңесшінің орынбасары және корпоративтік реттеу және бақылау бөлімінің директоры қызметіндегі Генри Вангты (Henry Wang) тікелей Комитетке есеп беруге міндеттілікпен, уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларға басшылық жасауға шақырды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта дистрибьюторлармен ғаламдық жұмыс және корпоративтік реттеу бойынша аға вице-президенті қызметін атқарып жүрген және бір кездері Федералдық сауда комиссиясының арнайы уәкілетті комиссары болып табылатын Памела Джонс Харбор (Pamela Jones Harbour) дистрибьюторлармен жұмыс істеген кезде белгіленген талаптарды сақтау жөніндегі жаңа бастамалардың іске асырылуын бақылау үшін тағайындалды.

Қадағалау жөніндегі комитеттің қызметі Кеңестің жүргізіліп жатқан тапсырыс берушілерді қорғау тетіктерін тұрақты жақсарту және олардың қанағаттану деңгейін жоғарылату саласына басшылық етуге бағытталған бастамаларын толықтыруға арналады. Соңғы бірнеше жыл ішінде Кеңес тұтынушыларды қорғау саласындағы сарапшыларды реттеу талаптарын сақтау және озық тәжірибелерді енгізу мәселелері бойынша кеңес алу үшін тартты. Соның нәтижесінде компания бүгінгі келісімді жасасқаннан кейін тізімі кеңейген көптеген жетілдірілген кепілдіктерді жүзеге асырып та үлгерді.

Реттеу шарттары үлесі таза сатылымдардың жалпы көлемінің шамамен 20%-н құрайтын АҚШ-дағы компанияның сатылымдарына ғана қолданылады. Реттеу аясында компания жаңа рәсімдерді енгізуге және кейбір қолданыстағы саясаттарды жетілдіруге келісті. Келісілген шарттардың көбісін компания бұрын қараған немесе қолданыстағы тәжірибелердің жалғасы болып табылады және алдағы 10 айдың ішінде жүзеге асырылатын болады. Келісімнің екі негізгі құрамдас бөлігі келесі қағидалар болды:

  1. Қазірдің өзінде Herbalife-тың мүшесі болып табылатын, сондай-ақ Herbalife-тың бизнесіне қосылатындар не артықшылықты қатысушылар санатына (артықшылықты қатысушылардың өнімдерді шегеріммен сатып алуға құқы бар) не дистрибьюторлар санатына (тікелей сатылымдар үлгісін пайдалана отырып, бизнесін құрғысы және өнімдерді сатқысы келетіндер) жатқызылатын болады. Мұндай шара Herbalife-қа екі санатты нәтижелі қадағалауға көмектеседі және осы тұлғаларға дербес қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  2. Дистрибьюторлар бөлшек сауда фактісі бойынша өтемақы алады және өздерінің іске асырылған транзакцияларын құжатпен растайтын болады. Олардың өтемақылары сондай-ақ олардың ұйғарынды лимиттерден аспайтын, өздері тұтыну үшін сатып алған өнімдерін есепке алатын болады. Қазіргі уақытта Herbalife-тың тәуелсіз серіктестері өткізуді растайтын құжаттаманы (sales transaction receipts) – квитанцияларды сақтап қоюы тиіс. Мобильді технологиялардың дамуы кезінде бөлшек саудаларды қадағалау тіпті оңай және ыңғайлы. Компания фирмалық технологиялық шешімдерді, оның ішінде бұл үдерісті барынша қарапайым әрі тиімді ететін АҚШ-ның нарығына арналған қосымшаны әзірлеп те қойды

Келісімнің басқа да шарттарының ішінде: дистрибьюторлар үшін оқу үрдісін оңтайландыру; бизнес-жоспарды ұсынуды талап ету және меншікті тағамтану клубын ашпас бұрын мерзімі бір жыл күту кезеңіне шыдау қажеттілігі; дистрибьютордың бастапқы мүшелік пакетті компанияға қайтару мерзімін ұлғайту; өнімді қайтаруға байланысты барлық шығыстарды төлеу; өнімді автоматты түрде жіберуге тыйым салу; тәуелсіз шеттегі ұйымдардың аудит жүргізуі; және табысқа қойылатын талаптарға қатысты қорғау тетіктерін кеңейту, соның ішінде уәделескен өмір салты туралы толығырақ ақпарат ұсыну.

Федералдық сауда комиссиясының Amway-ге қатысты 1979 жылғы шешімі жағдайындағыдай (In the Matter of Amway Corporation Inc., et. al. –Amway Corporation Inc. және басқалардың істері бойынша), компания бүгін келісілген рәсімдер бүкіл тікелей сатылымдар индустриясы мен көпдеңгейлі маркетинг саласы үшін бағдар ретінде қызмет ететін болады деп күтетінін атап өткен маңызды. Осылайша, компания кейбір қосымша шарттардың компанияның бизнесіне елеулі әсерін тигізбейтініне қарамастан, бұл қағидалар бүкіл саланың ауқымы бойынша бизнесті жүргізу ұстанымдарын жақсартуға көмектеседі деп санайды. Мысалы, бірнеше жыл бұрын компания өнімді автоматты түрде жіберуге қатысты неғұрлым қатаң тұтынушыларды қорғау ережелерін қабылдаған болатын. Бүгінде мұндай тәжірибенің үлесі компанияның барлық сатылымдарының 1%-нан кем. Сол сияқты, Herbalife-тың АҚШ-на сатылымдарының жалпы көлемінде қайтарылатын өнімнің үлесі 0,02%-ды ғана құрайды, сондықтан компанияның қайтарылатын тауарларды кері жөнелтуге байланысты шығыстарды төлеуінің компанияның бизнесіне әсері аз болады деп күтілуде. Әйткенмен, бұл өзгерістерге байланысты шығыстар Herbalife үшін шамалы болады деп күтілуде, олар бүкіл салаға едәуір өзгерістер әкелуі әбден мүмкін.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 5 мамырында компанияның көпшілікке ашқан ақпаратында айтылғанындай, Herbalife осы реттеудің аясында FTC-тың пайдасына 200 миллион АҚШ доллары сомасын төлеуге де келісті.

Сонымен бірге, компания Карл К. Айканға (Carl C. Icahn), Icahn Enterprises Holdings L.P. компаниясына және солармен байланысты жекелеген тұлғаларға (жинақтап айтқанда "Айканның тарабы") Herbalife-тағы ең көп жайғасым мөлшерін компанияның 34,99% қарапайым акцияларына дейін ұлғайтуға рұқсатын бергені туралы мәлімдеді, алдыңғы лимиттегі айналыста акциялар 25%-ды құраған. Қазіргі уақытта Айканның тарабы Herbalife-тың 17 миллион қарапайым акцияларын иеленеді, бұл айналыстағы барлық қарапайым акциялардың шамамен 18,3%-ын құрайды. Herbalife-тың 13 адамнан тұратын Директорлар кеңесіне бұрынғысынша Айканның тарабы тағайындайтын бес мүшеде кіретін болады.

«– Мен қашанда Herbalife-тың берік тірегіне сенген едім және де мен компаниядағы жайғасымымның лимитін 25%-дан 34.99%-ға дейінгі айналыстағы акцияға ұлғайту туралы Директорлар кеңесінің шешіміне өте қуаныштымын. Инвестицияларымның табысы болуы едәуір дережеде біздің салымдардың мәнін жан-жақты зерделеуімізбен және компаниялар тап болатын көбінесе күрделі және өзгеше проблемаларды түсінуімізбен тікелей байланысты, – дейді Карл Айкан. – Мен Herbalife-тың бас атқарушы директоры Майкл Джонсонға да,  компанияға барлық қиындықтар мен сынақтардан өтуге, оның ішінде компаниямыздың жабылатынына сенімді болған Билл Экманның (Bill Ackman) бастамасымен ұйымдастырылған Herbalife-қа қарсы жаппай PR-науқанға төтеп беруге шебер көмектескен бүкіл басқарушы командаға да толықтай сенемін. Әлбетте, біз бизнесімізді жалғастырамыз».

Американың экономикасында қосымша табыс көзін іздеген адамдар аз емес, Herbalife өнімдерін сатқысы келетіндердің олардан еш айырмашылығы жоқ. Uber, Airbnb және Etsy сынды компаниялар еңбекқор азаматтарға нарыққа кіру табалдырығы төмен және өз шарттарымен жұмыс істеуге болатын қосымша табыс табу мүмкіндігін ұсынады. Бір ғана Америка Құрама Штаттарынының өзінде тікелей сатылымдар индустриясында жұмыс істейтін 18 миллионнан астам адам және осы тұлғалардан тауарлар сатып алатын 156 миллионан астам тұтынушы саналады. Айналымы 35 миллиардов долларды құрайтын бүкіл америкалық тікелей сатылымдар индустриясының мәні халыққа өзіне-өзі бастық болу, өзінің жұмыс кестесін белгілеп, өзі шешімдер қабылдау мүмкіндігін ұсынуда. Компания осы реттеу туралы келісім бұл маңызды саланы нығайтуға және жақсартуға септігін тигізеді деп санайды.

Үйлестірілген тамақтануға арналған Herbalife өнімдері мен Herbalife сервистерін пайдаланған кезде тұтынушылардың қанағаттануы компания үшін аса маңызды. Басқа беделді компаниялар сынды соңғы он жылда Herbalife барлық тапсырыс берушілеріне және 4 миллионнан астам артықшылықты қатысушылары мен тәуелсіз серіктестеріне ең үздікке кепілдік беру үшін бірқатар жаңа ережелер мен тәжірибелерді жүзеге асырды. Herbalife қызмет көрсетудің айрықша сапасын қамтамасыз ету үшін барлық тапсырыс берушілерімен және тәуелсіз серіктестерімен жұмыс істеуге бұрынғысынша ұмтылады және тұтынушылардың құқықтарын қорғау құралдарын іске асыруға тырысады.

Тергеп-тексерудің аяқталуына жеткеннен кейін Herbalife болашаққа зор үмітпен қарайды және компанияның акциялары бойынша қысқа жайғасымдарды ашқандар ақырында пайымдамаларының қате және негізсіз болғанын түсінеді деп үміттенеді. Сонымен қатар, Herbalife болашақта нарықты айла-шарғы жасауға бағытталған кез-келген науқандарға, тіпті беделіне айтарлықтай нұқсан келгенін және инвесторлар арасында сенімін жоғалтқанын айтпағанда, миллиардерге жүздеген миллион доллар тұрған, үш жылдан астам уақытқа созылған осындай теңдессіз демаршқа да ойдағыдай төтеп бере алатынына сенеді.

Қосымша ақпарат алу үшін www.Herbalife.com/StrongerThanEver сайтына жүгініңіз.

Herbalife компаниясы туралы ақпарат:

Herbalife – бұл қызметін салауатты өмір салты индустриясында жүзеге асыратын халықаралық компания. Компания 1980 жылы Лос-Анджелесте құрылды. Бүгінгі күні Herbalife өнімдері тәуелсіз серіктестер арқылы әлемнің 90-нан астам еліне таралады.

Herbalife жоғары сапалы өнімдерді әзірлей отырып және ұсына отырып, үйлестірілген тамақтану саласында жеке тәсілдемені пайдалануға бере отырып, біздің тұтынушыларды пайдалы тамақтану әдеттерін ұстануға, өздерінің салмағын қадағалауға, белсенді және салауатты өмір салтын ұстануға шабыттандыруға жағдай жасай отырып, адамдарға артық салмақпен және зиянды тамақтану әдеттерімен күресуге көмектеседі. 

Бүгінгі таңда компанияның штаты бүкіл әлем бойынша 8000 қызметкерден астам; компанияның акциялары Нью-Йорк қор биржасында (NYSE: HLF) саудаланады, ал компанияның таза сатылымдар көлемі 2015 жылы 4,5 миллиар АҚШ долларын құрады. Толығырақ ақпарат алу үшін Herbalife.com немесе IAmHerbalife.com сайттарына жүгініңіз.

БОЛЖАМДЫ СИПАТТАҒЫ ПАЙЫМДАУ

Осы баспасөз хабарламасы 1995 жылғы Жеке бағалы қағаздар бойынша сот ісін реформалау Заңының «қауіпсіз айлақ туралы» қағидаларының түсіндірмесіне сәйкес «болжалды сипаттағы пайымдауды» қамтиды.

Біздің кез келген болжамды мәлімдемелерімізде қамтылған болжалдар негізді болып табылады деп санасақ та, нақты нәтижелер біздің болжамды сипаттағы кез келген мәлімдемелерімізде болжалғандардан немесе жорамалданғандардан айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.

Біздің болашақ қаржы жағдайымыз бен қызметіміздің нәтижелері, сондай-ақ кез келген болжамды мәлімдемелеріміз өзгеруі мүмкін және бірқатар тәуекелдер мен тұрлаусыздықтарды, оның ішінде жарияланғандарын немесе Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияға жолдаған есептемелерімізге сілтеме жасап, көрсетілгендерін болжайды.

Төменде біздің нақты нәтижелеріміздің, көрсеткіштеріміздің және жетістіктеріміздің немесе салалық нәтижелеріміздің біздің болжамды мәлімдемелерімізде қамтылған бағалаулардан немесе жорамалдардан едәуір өзгеше болуына әкелуі мүмкін негізгі факторлардың кейбірі ғана келтірілген:

  • Біздің дистрибьюторлармен немесе артықшылықты қатысушылармен қарым-қатынасымыз және олардың іс-әрекеттеріне ықпал етуге қабілеттілігіміз;
  • Қызметкерлеріміздің, дистрибьюторларымыздың немесе артықшылықты қатысушыларымыздың қолданыстағы заңнаманы бұзатын заңсыз іс-әрекеттері;
  • БАҚ-ның біздің өнімдеріміз немесе желілік маркетингті ұйымдастыруымыз туралы жағымсыз ақпарат таратуы, оның ішінде  қолданыстағы заңнаманы сақтауымызға қатысты мәселелер бойынша нарық пен жайғастырушыларды тыныштандыруға біздің қабілеттілігіміз;
  • Тұтынушылық қалаулар мен сұраныстың өзгеруі;
  • Бизнесіміздің бәсекелік сипаты;
  • Өнімдерімізге қатысты регламенттік мәселелер, оның ішінде біз жұмыс істейтін тікелей сатылымдар нарығына қатысты іс-әрекеттерді қоса алғанда, өнімдеріміздің және желілік маркетинг бағдарламаларымыздың қауіпсіздігімен немесе тиімділігімен байланысты ықтимал үкіметтік немесе реттеуші органдардың іс-әрекеттері, сондай-ақ Федералдық сауда комиссиясымен және Иллинойс штатының бас прокурорымен қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі шаралар;
  • Біздің желілік маркетинг бағдарламамыздың алдында тұратын құқықтық мәселелер;
  • Халықаралық қызметпен байланысты тәуекелдер, экономикалық факторлар, оның ішінде валюта бағамдары, инфляция деңгейі, жұмыстағы үзіліс және шеттегі импорттаушыларымызбен жанжалдар, баға белгілеу мәселелері және әсіресе Венесуэла сияқты елдерде валюталардың құнсыздану қауіптері;
  • Қытайда тікелей сатылымдарға қатысты заңнаманы түсiндiруге және қолдануға байланысты тұрлаусыздықтар.
  • Біздің тікелей сатылымдар бизнесімізді Қытайда кеңейту үшін қажетті лицензияларды алуға қабілетсіздігіміз;
  • Қытай экономикасындағы жағымсыз өзгерістер;
  • Қолданыстағы нарықтарға одан әрі енуге тәуелділігіміз;
  • Бизнесті кеңейту қабілеттілігімізге әсер ететін шарттық шектеулер;
  • Ақпараттық технологиялар инфрақұрылымына және сыртқы жеткізушілерге тәуелділігіміз;
  • Зияткерлік меншікке тауар белгілері мен басқа да құқықтардың жеткіліктілігі;
  • Өнімнің шоғырлануы;
  • Біздің дистрибьюторлардан немесе жоғарғы басшылықтан тәуелділігіміз, олардың жоғалуы немесе қайтыс болуы. Бұл  біздің дистрибьюторлармен және артықшылықты қатысушылармен қарым-қатынастарымызға,  сондай-ақ қызметіміздің нәтижелеріне кері әсер етуі мүмкін;
  • Біздің халықаралық операцияларға қолдануға болатын Американың және басқа елдердің заңнамалары;
  • Біздің кредиттеу көздерімізге шарттық міндеттемелер қоятын шектеулер;
  • Трансферттік баға белгілеуді, баждарды, ҚҚС-н және салық заңнамасындағы басқаларды қолданумен және салық заңнамасының өзгеруімен байланысты тұрлаусыздықтар;
  • Салық заңнамасындағы, шарттардағы немесе реттеуші стандарттардағы немесе олардың түсіндірмесіндегі өзгерістер;
  • Салық салу біздің артықшылықты қатысушыларымызға немесе дистрибьюторларымызға қолданылады;
  • Өнім сапасына қойылатын кінәрат-талаптар;
  • Кайман аралдарының хұкіметінде компанияның инкорпорациясы;
  • Компаниямыздың меншікті акцияларын ашық нарықтарда немесе өзге тәсілмен сатып алу мүмкіндігі; және
  • Басқалардан бөлек, биржалардағы алып-сатарлық әрекеттермен және біздің қарапайым акциялар бойынша кейбір трейдерлер орналастыратын қысқа жайғасымдармен байланысты акциялар құнының өзгеруі.

Біз заңнамада талап етілетін жағдайларды қоспағанда, қандай да бір болжамды мәлімдемелерді жаңарту немесе қайта қарау, немесе баспасөз хабарламасы жарияланғаннан кейiн кез келген оқиғалар немесе жағдайлар туралы ақпаратты қосымша жариялау немесе күтпеген оқиғалардың туындағаны туралы хабарлау жөніндегі міндеттемелерді мойнымызға алмаймыз.

Құжаттың бастапқы нұсқасымен businesswire.com: http://www.businesswire.com/news/home/20160715005374/en/ мекенжайы бойынша танысуға болады.

Herbalife и Федеральная торговая комиссия заключают соглашение об урегулировании

Соглашение не изменит бизнес-модели Herbalife как компании прямых продаж

Совет директоров Herbalife разрешает Карлу Айкану (Carl Icahn) приобрести до 34,99% обыкновенных акций, находящихся в обращении

Лос-Анджелес – 15 июля 2016 г. -- Глобальная компания в индустрии здорового питания Herbalife Ltd. (NYSE: HLF) («Herbalife» или «Компания») объявили о заключении соглашения с Федеральной торговой комиссией («FTC» или «Комиссия») об урегулировании многолетнего расследования, которое проводилось в отношении компании. Условия соглашения не изменят бизнес-модели Herbalife как компании прямых продаж и по сути устанавливают новые стандарты работы в этой отрасли. С объявлением соглашения об урегулировании FTC завершает расследование в отношении Herbalife.

Кроме того, компания Herbalife заключила соглашение об урегулировании с генеральным прокурором штата Иллинойс, согласно которому в рамках этого отдельного соглашения компания выплатит 3 миллиона долларов США. С завершением расследования штата Иллинойс компании не известно о каких-либо иных расследованиях, производимых генеральными прокурорами других штатов.

«Заключённые соглашения об урегулировании свидетельствуют о состоятельности нашей бизнес-модели и подтверждают нашу уверенность в способности компании успешно развивать свой бизнес, в противном случае мы не согласились бы на эти условиях», - говорит Майкл О. Джонсон (Michael O. Johnson), председатель правления и главный исполнительный директор Herbalife.

Хотя по мнению компании многие из заявлений, сделанных комиссией, являются фактически неверными, компания считает, что заключение соглашения об урегулировании находится полностью в интересах компании, так как иначе компания бы понесла значительные финансовые расходы, а затянувшееся судебное разбирательство отнимало бы лишние силы, тогда как после двух с лишним лет сотрудничества с FTC в рамках проводившегося расследования компания просто хотела продолжить дальнейшую работу. Более того, менеджмент компании теперь сможет сосредоточить все свои усилия на продолжении развития бизнеса и на изучении новых стратегических бизнес-возможностей. 

Совет директоров компании («Совет») единогласно одобрил соглашения об урегулировании и в добровольном порядке учредил Комитет совета по надзору («Комитет»), который обеспечит полное соблюдение условий соглашения. Кроме того, Совет пригласил Генри Ванга (Henry Wang), который в настоящее время занимает должность заместителя главного юрисконсульта и директора отдела корпоративного регулирования и контроля, возглавить усилия по реализации договорённостей с подотчетностью по этим вопросам непосредственно Комитету. Кроме того, Памела Джонс Харбор (Pamela Jones Harbour), занимающая в настоящее время пост старшего вице-президента по глобальной работе с дистрибьюторами и по корпоративному регулированию, и являвшаяся некогда специальным уполномоченным комиссаром Федеральной торговой комиссии, была назначена для контроля за осуществлением новых инициатив по соблюдению установленных требований при работе с дистрибьюторами. 

Деятельность Комитета по надзору призвана дополнить ведущиеся инициативы Совета, направленные на то, чтобы возглавить отрасль в области постоянного улучшения механизмов защиты заказчиков и повышения степени их удовлетворённости. За последние несколько лет Совет привлёк экспертов в области защиты потребителей для консультаций по вопросам соблюдения регуляторных требований и внедрению передовых практик, в результате чего компания уже реализовала множество усовершенствованных гарантий, список которых расширился с заключением сегодняшнего соглашения. 

Условия урегулирования применяются только к продажам компании в США, на долю которых приходится примерно 20% от общего объема чистых продаж. В рамках урегулирования компания согласилась на введение новых процедур и на усовершенствования некоторых уже действующих политик. Многие из согласованных условий либо уже рассматривались компанией, либо являются продолжением уже действующих практик и будут реализованы в течение ближайших 10 месяцев. Двумя основными составляющими соглашения стали следующие положения:

  1. Те, кто в настоящее время уже состоит в Herbalife, а также те, кто присоединяется к бизнесу Herbalife, будут отнесены либо к категории привилегированных участников (привилегированные участники имеют право приобретать продукцию со скидкой), либо к категории дистрибьюторов (тех, кто хочет строить бизнес и продавать продукцию, используя для этого модель прямых продаж). Такая мера поможет Herbalife эффективнее отслеживать обе категории и позволит обеспечить персонализированное обслуживание для этих лиц.
  2. Дистрибьюторы будут получать компенсации по факту розничных продаж и должны будут документально подтверждать осуществлённые ими транзакции. Их компенсация также будет учитывать приобретения ими продукции для собственного употребления, если эти покупки укладываются в допустимые лимиты. В настоящее время независимые партнеры Herbalife должны хранить квитанции -  документацию, подтверждающую операции сбыта (sales transaction receipts). С развитием мобильных технологий отслеживание розничных продаж становится еще проще и удобнее, и компания уже разработала фирменные технологические решения, в том числе приложение для рынка США, делающее этот процесс максимально простым и эффективным.

Среди других условий соглашения – оптимизация процесса обучения для дистрибьюторов; требование предоставить бизнес-план и необходимость выдержать период ожидания сроком один год перед открытием собственного клуба питания; увеличение срока, в течение которого дистрибьютор сможет вернуть компании первоначальный членский пакет; уплата всех расходов по пересылке, связанных с возвратом продукции; запрет на автоматическую отправку продукции; проведение аудитов независимыми сторонними организациями; и расширение механизмов защиты в отношении притязаний на доход, в том числе предоставление более подробной информации об обещаемом образе жизни. 

Важно отметить, что, как и в случае с решением Федеральной торговой комиссии в отношении Amway в 1979 году (In the Matter of Amway Corporation Inc., et. al. – По делу Amway Corporation Inc. и других), компания рассчитывает, что согласованные сегодня процедуры послужат ориентиром для всей индустрии прямых продаж и многоуровневого маркетинга. Таким образом, компания считает, несмотря на то, что некоторые из дополнительных условий не оказывают существенного влияния на бизнес компании, эти положения будут способствовать улучшению принципов ведения бизнеса в масштабах всей отрасли. Например, еще несколько лет назад компания приняла более строгие правила защиты потребителей в отношении автоматической отправки продукции, и сегодня на долю такой практики приходится менее 1% всех продаж компании. Аналогичным образом, доля возвращаемой продукции в общем объёме продаж Herbalife в США составляет всего лишь 0,02%, поэтому ожидается, что оплата компанией расходов, связанных с обратной отправкой возвращаемых товаров, окажет минимальное влияние на бизнес компании. Хотя ожидается, что расходы, связанные с этими изменениями, будут несущественными для Herbalife, они, вероятнее всего, приведут к значительным изменениям во всей отрасли.

Кроме того, как уже упоминалось в публичном раскрытии информации компании от 5 мая 2016 года, Herbalife также согласилась в рамках этого урегулирования выплатить в пользу FTC сумму в размере 200 миллионов долларов США.

Вместе с тем компания объявила о том, что разрешила Карлу К. Айкану (Carl C. Icahn), компании Icahn Enterprises Holdings L.P. и отдельным связанным с ними лицам (собирательно "сторона Айкана") увеличить размер максимальной позиции в Herbalife до 34,99% обыкновенных акций компании в обращении с предыдущего лимита в размере 25%. В настоящее время сторона Айкана владеет 17 миллионами  обыкновенных акций Herbalife, что составляет приблизительно 18.3% всех обыкновенных акций в обращении. Совет директоров Herbalife, состоящий из 13 человек, будет по-прежнему включать пять членов, назначаемых стороной Айкана.

«Я всегда верил в прочную основу Herbalife, и я очень рад, что совет директоров решил увеличить лимит моей позиции в компании с 25% до 34,99% находящихся в обращении акций. В значительной мере успех моих инвестиций напрямую связан с нашим всесторонним изучением предмета вложений и пониманием зачастую сложных и специфических проблем, с которыми сталкиваются компании, – говорит Карл Айкан. – Я абсолютно уверен в главном исполнительном директоре Herbalife, Майкле Джонсоне, как и во всей управленческой команде, которая мастерски помогла компании пройти все невзгоды и испытания, в том числе отразить масштабную PR-кампанию против Herbalife, инициированную Биллом Экманом (Bill Ackman), когда он не раз уверял всех, что компания будет закрыта. Очевидно, мы продолжаем бизнес».

В американской экономике немало людей, которые ищут возможность получения дополнительного дохода, и те, кто предпочитает продавать продукты Herbalife, ничем от них не отличаются. Такие компании как Uber, Airbnb и Etsy предлагают трудолюбивым гражданам возможность дополнительного дохода, с низким порогом вхождения на рынок и возможностью работать на своих собственных условиях. В одних только Соединенных Штатах насчитывается более 18 миллионов человек, которые работают в индустрии прямых продаж, и более 156 миллионов потребителей, которые покупают товары у этих лиц. Сама суть всей американской индустрии прямых продаж с оборотом в 35 миллиардов долларов заключается в том, чтобы предоставить населению возможность быть начальником самому себе, устанавливать свой собственный график работы и принимать свои собственные решения. Компания считает, что это соглашение об урегулировании будет способствовать укреплению и улучшению этой важной отрасли.  

Удовлетворённость потребителей при использовании продуктов для сбалансированного питания и сервисов Herbalife имеет для компании первостепенное значение, и как и все добропорядочные компании, за последние десять лет Herbalife реализовала ряд новых правил и практик, чтобы гарантировать всем её заказчикам и более чем 4 миллионам привилегированных участников и независимых партнеров самое лучшее. Herbalife по-прежнему стремится работать со всеми заказчиками и независимыми партнерами, чтобы обеспечить исключительное качество обслуживания, и стремится реализовывать инструменты для защиты прав потребителей.

Добившись завершения расследования, Herbalife с оптимизмом смотрит в будущее и надеется, что те, кто открывал короткие позиции по акциям компании, наконец-то осознают ошибочность и необоснованность своих суждений. Кроме того, Herbalife надеется, что в будущем сможет успешно выдерживать любые кампании, направленные на манипулирование рынком, даже столь беспрецедентный демарш, продолжавшийся более трёх лет и стоивший миллиардеру сотен миллионов долларов, не говоря уже о значительном репутационном ущербе и потере доверия у инвесторов.

За дополнительной информаций, пожалуйста, обращайтесь на сайт www.Herbalife.com/StrongerThanEver.

Информация о компании Herbalife:

Herbalife – это международная компания, осуществляющая деятельность в индустрии здорового образа жизни. Компания была основана в 1980 году в Лос-Анджелесе и сегодня продукция Herbalife распространяется через Независимых Партнеров в более чем 90 странах мира.

Herbalife помогает людям бороться с лишним весом и нездоровыми привычками питания, разрабатывая и предлагая высококачественные продукты и предоставляя персональный подход в области сбалансированного питания, создавая атмосферу, которая вдохновляет наших потребителей придерживаться привычек здорового питания,  контролировать свой вес и вести активный и здоровый образ жизни.

На сегодняшний день штат компании насчитывает боле 8 тысяч сотрудников по всему миру; акции компании торгуются на Нью-Йоркской фондовой бирже (NYSE: HLF), а объём чистых продаж компании в 2015 году составил 4,5 миллиардов долларов США. Для получения более подробной информации обращайтесь на сайт Herbalife.com или IAmHerbalife.com.

УТВЕРЖДЕНИЯ ПРОГНОЗНОГО ХАРАКТЕРА

Настоящий пресс-релиз содержит "утверждения прогнозного характера" согласно толкованию положений "о безопасной гавани" Закона о реформе судопроизводства по частным ценным бумагам от 1995 года. Хотя мы считаем, что ожидания, содержащиеся в любом из наших прогнозных заявлений, являются обоснованными, фактические результаты могут существенно отличаться от прогнозируемых или предполагаемых в любом из наших заявлений прогнозного характера. Наше будущее финансовое положение и результаты деятельности, а также любые прогнозные заявления могут меняться и предполагают ряд рисков и неопределенностей, в том числе опубликованных или указанных путём отсылки к нашим отчетам в Комиссию по ценным бумагам и биржам. Ниже приводятся лишь некоторые из основных факторов, которые могут привести к тому, что наши фактические результаты, показатели и достижения, или отраслевые результаты будут существенно отличаться от оценок или предположений, содержащихся в наших прогнозных заявлениях:

  • Наши взаимоотношения с дистрибьюторами или привилегированными участниками и наша способность повлиять на их действия;
  • Неправомерные действия наших сотрудников, дистрибьюторов или привилегированных участников в нарушение действующего законодательства;
  • Неблагоприятное освещение в СМИ наших продуктов или организации сетевого маркетинга, в том числе наша способность успокоить рынок и регуляторов относительно соблюдения нами действующего законодательства;
  • Изменение потребительских предпочтений и спроса;
  • Конкурентная природа нашего бизнеса;
  • Регламентные вопросы в отношении наших продуктов, в том числе возможные действия правительственных или регуляторных органов, связанные с безопасностью или эффективностью наших продуктов и программ сетевого маркетинга, включая действия в отношении рынка прямых продаж, на котором мы работаем, также меры по урегулированию отношений с Федеральной торговой комиссией и генеральным прокурором штата Иллинойс;
  • Правовые проблемы, встающие перед нашей программой сетевого маркетинга;
  • Риски, связанные с международной деятельностью, экономические факторы, в том числе валютные курсы, уровень инфляции, перебои в работе и конфликты с нашими сторонними импортёрами, вопросы ценообразования и риски девальвации валют, особенно в таких странах как Венесуэла;
  • Неопределённости, связанные с интерпретацией и применением законодательства в отношении прямых продаж в Китае.
  • Наша неспособность получения необходимых лицензий для расширения нашего бизнеса прямых продаж в Китае;
  • Неблагоприятные изменения в Китайской экономике;
  • Наша зависимость от дальнейшего проникновения на существующие рынки;
  • Договорные ограничения, влияющие на нашу способность расширять бизнес;
  • Наша зависимость от нашей ИТ-инфраструктуры и внешних поставщиков;
  • Достаточность товарных знаков и прочих прав на интеллектуальную собственность;
  • Концентрация продукции;
  • Наша зависимость от наших дистрибьюторов или старшего руководства, их утраты или смерти, что может негативно повлиять на наши взаимоотношения с дистрибьюторами или привилегированными участниками, а также на результаты нашей деятельности;
  • Американское законодательство и законодательства других стран, применимые к нашим международным операциям;
  • Ограничения, накладываемые договорными обязательствами по нашим источникам кредитования;
  • Неопределенности, связанные с применением трансфертного ценообразования, пошлин, НДС и прочего налогового законодательства и связанных с ним изменений;  
  • Изменения в налоговом законодательстве, договорах или регулятивных стандартах, или в их интерпретации;
  • Налогообложение применительно к нашим привилегированным участникам или дистрибьюторам;
  • Претензии по качеству продукции;
  • Инкорпорация компании в юрисдикции Каймановых островов;
  • Возможность приобретения нашей компанией собственных акций на открытых рынках или иным образом; и
  • Изменения в стоимости акций, связанные, помимо прочего, со спекулятивными действиями на биржах и короткими позициями, размещаемые некоторыми трейдерами по нашим обыкновенным акциям.

Мы не берём на себя обязательств по обновлению или пересмотру каких-либо из прогнозных заявлений, или по дополнительной публикации информации о любых событиях или обстоятельствах после публикации релиза или для информирования о наступлении непредвиденных событий, за исключением тех случаев, когда этого требует законодательство.

С исходной версией документа можно ознакомиться по адресу businesswire.com: http://www.businesswire.com/news/home/20160715005374/en/



kk-KZ | 24.09.2017 5:17:25 | NAMP2HLASPX02